Kamkor Study
«Туристік Қамқор» КҚ Қазақстан Республикасының туристік саласы өкілдеріне арналған кәсіби оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламасын тұрақты негізде жүзеге асырады.
Білім беру іс-шаралары туристік нарық мамандарының кәсіби даярлық деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасының туристік қызмет саласындағы заңнамасы талаптарын түсіндіру, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қызметі туралы ақпараттандыру, сондай-ақ заманауи цифрлық құралдар мен саланың үздік тәжірибелерін енгізу мақсатында өткізіледі.
Оқыту бағдарламасы туризм, бухгалтерлік есеп, салық салу, қаржылық менеджмент, цифрландыру және клиенттерге қызмет көрсету салаларындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен өңірлік семинарлар мен қарқынды оқыту курстарын қамтиды.
Оқытудың негізгі бағыттары:
- Қазақстан Республикасының туристік қызмет саласындағы заңнамасы;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қызметі;
- туркодтармен және «Туристік Қамқор» КҚ-ның цифрлық сервистерімен жұмыс істеу тәртібі;
- туристік бизнестегі бухгалтерлік есеп пен салық салу;
- туристік компаниялардың қаржылық тұрақтылығы;
- туристік саланы цифрландыру және заманауи технологиялар;
- қызмет көрсету сапасын арттыру және туристердің құқықтарын қорғау.
Оқыту қорытындысы бойынша және қорытынды тестілеуден сәтті өткен қатысушыларға «Туристік Қамқор» КҚ сертификаты беріледі. Сертификаттың болуы бейіндік оқудан өткенін растайды және туристік агенттікті Кепілдік беру жүйесіне қатысушылармен жұмыс істейтін туристік агенттіктер тізіміне енгізу мәселесін қарастыруға негіз болатын шарттардың бірі болып табылады..