Туристік Қамқор Туристік Қамқор
  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Төтенше кеңес
    • Қамқоршылық кеңес
    • Жүйенің қызметі
    • Жаңалықтар
    • Есептілік
    • Байланыс ақпараты
  • Туристерге
    • Туристік жадынама
    • Шұғыл көмек
    • Туркодты тексеру
    • Турагенттер тізімі
    • Байланыс ақпараты
  • Туроператорлерге
    • Жұмыс жөніндегі нұсқаулық
    • API қосылу
    • Туроператорлар тізімі
    • Тізімге қосылу
  • Турагенттіктерге
    • Турагенттік жадынама
    • Турагенттер тізімі
    • Қалай қосылуға болады?
    • Kamkor Study
    • Толығырақ
      • FAQ
      • Скрипттер
      • Файлдар
  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Төтенше кеңес
    • Қамқоршылық кеңес
    • Жүйенің қызметі
    • Жаңалықтар
    • Есептілік
    • Байланыс ақпараты
  • Туристерге
    • Туристік жадынама
    • Шұғыл көмек
    • Туркодты тексеру
    • Турагенттер тізімі
    • Байланыс ақпараты
  • Туроператорлерге
    • Жұмыс жөніндегі нұсқаулық
    • API қосылу
    • Туроператорлар тізімі
    • Тізімге қосылу
  • Турагенттіктерге
    • Турагенттік жадынама
    • Турагенттер тізімі
    • Қалай қосылуға болады?
    • Kamkor Study
  • FAQ
  • Скрипттер
  • Файлдар
Жеке кабинет
кабинет
Ресми құжат / Официальный документ

ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ

fondkamkor.kz сайты және «Tourcode» мобильді қосымшасы пайдаланушыларының дербес деректерін жинауға, өңдеуге және қорғауға қатысты

Бекітілді: «Туристік Қамқор» КҚ 20.10.2026 ж. № 12 бұйрығымен Күшіне ену күні: 21.10.2026 ж. Редакция: 21.10.2026 ж. №1

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі — Саясат) https://fondkamkor.kz сайты және «Tourcode» мобильді қосымшасы (бұдан әрі бірге — Платформа) пайдаланушыларының, сондай-ақ дербес деректері Платформаны пайдалана отырып өңделетін өзге де жеке тұлғалардың дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау тәртібін айқындайды.

1.2. Саясат Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына (бұдан әрі — Заң), Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне, Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларына, Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларына, Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді. Саясат Заңның 25-бабы 2-тармағының 1-1) тармақшасы мағынасында Оператордың дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қорғауға қатысты саясатын айқындайтын құжат болып табылады.

1.3. Оператор — Платформаны пайдалана отырып өңделетін дербес деректерді қамтитын базаның және (немесе) цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) операторы болып табылатын «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры (бұдан әрі — Оператор, Қор). Оператордың деректемелері Саясаттың 16-бөлімінде көрсетілген.

1.4. Саясат Оператор Платформа арқылы алатын барлық дербес деректерге, сондай-ақ шығу туризмі саласындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын кепілдендіру жүйесіне (бұдан әрі — Кепілдендіру жүйесі) қатысушы туроператорлардан, турагенттерден және өзге де қатысушылардан Платформаның жұмыс істеуіне байланысты Операторға келіп түсетін дербес деректерге қолданылады.

1.5. Саясат жалпыға қолжетімді болып табылады және Платформада орналастырылады. Саясатпен танысу және Пайдаланушы келісімін қабылдау Заңда осындай келісім талап етілетін жағдайларда субъектінің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін алмастырмайды.

1.6. Саясат сілтемелері Платформада орналастырылуы мүмкін үшінші тұлғалардың сайттары мен сервистеріне қолданылмайды. Мұндай тұлғалардың дербес деректерді өңдеуі олардың өз ережелері бойынша жүзеге асырылады.

2. Негізгі ұғымдар

2.1. Саясатта Заңда белгіленген мағынада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  • дербес деректер — дербес деректердің бір немесе бірнеше идентификаторларымен толықтырылған дербес деректер субъектісі туралы мәліметтер немесе мәліметтер жиынтығы;
  • дербес деректер идентификаторы — дербес деректер субъектісін сәйкестендіруге немесе ол туралы жекелеген деректер жиынтығын осы субъектіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер жиынтығына байланыстыруға мүмкіндік беретін ақпарат;
  • дербес деректер субъектісі (бұдан әрі — субъект) — дербес деректер өзіне қатысты болатын жеке тұлға;
  • дербес деректерді өңдеу — дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, анонимизациялауға, бұғаттауға, жоюға және өшіруге бағытталған іс-әрекеттер;
  • қолжетімділігі шектеулі дербес деректер — Қазақстан Республикасының заңнамасымен қол жеткізу шектелген дербес деректер;
  • үшінші тұлға — субъект, меншік иесі және (немесе) оператор болып табылмайтын, бірақ олармен дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі мән-жайлармен немесе құқықтық қатынастармен байланысты тұлға;
  • дербес деректерді трансшекаралық беру — дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына беру;
  • дербес деректерді бүркемелеу (маскирование) — нақты дербес деректердің бір бөлігін жарамсыз және (немесе) иесіздендірілген деректерге ауыстыру жолымен ақпаратты қорғау процесі;
  • дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу — дербес деректерді заңсыз таратуға, өзгертуге, жоюға және өшіруге, рұқсатсыз таратуға немесе оларға рұқсатсыз қол жеткізуге әкеп соққан дербес деректерді қорғауды бұзу.

2.2. Пайдаланушы — Платформаны пайдаланатын жеке тұлға. Өзге терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Пайдаланушы келісімінде белгіленген мағыналарда пайдаланылады.

3. Дербес деректерді өңдеу қағидаттары

3.1. Оператор дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заңдылық, қолжетімділігі шектеулі дербес деректердің құпиялылығы, субъектілердің, меншік иелері мен операторлардың құқықтарының теңдігі, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес жүзеге асырады.

3.2. Дербес деректерді жинау және өңдеу Саясаттың 4-бөлімінде көрсетілген нақты, алдын ала айқындалған және заңды мақсаттарға қол жеткізумен шектеледі. Оператор мазмұны мен көлемі оларды өңдеу мақсаттарына қатысты артық болып табылатын дербес деректерді өңдемейді және дербес деректерді оларды жинаудың бұрын мәлімделген мақсаттары үшін ғана пайдаланады.

3.3. Оператор Заңның 7-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке басты куәландыратын құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелерін жинамайды және өңдемейді, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерден дербес деректерді мақсатсыз алу жолымен базаларды қалыптастырмайды.

4. Дербес деректердің құрамы, өңдеу мақсаттары мен құқықтық негіздері

4.1. Оператор өзі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесін бекітеді. Платформаны пайдалана отырып мынадай дербес деректер өңделеді:

Платформа функциясы Дербес және өзге де байланысты деректер Өңдеу мақсаты Құқықтық негіз
Туристік кодты тексеру (TourCode) Туристік код; жауап берген кезде: туристің ТАӘ, шетелдік паспорт нөмірі, сапар маршруты, турагент пен туроператор деректері. Кепілдендіру жүйесінде сапардың тіркелгенін растау және туристі хабардар ету Субъектінің келісімі
Тіркеу және есептік жазба (егер көзделсе) Туристер: латын транскрипциясындағы ТАӘ; ұялы телефон нөмірі (тек хэштелген түрде сақталады); паспорт деректері; Турагенттер: басшының ТАӘ; БСН/ЖСН; электрондық пошта мекенжайы (e-mail); телефон нөмірі; мекенжайы; Туроператор: заңды тұлғаның деректемелері; лицензия; байланыс деректері; барлық пайдаланушылардың кіру деректері (құпиясөз тек хэштелген түрде сақталады). Есептік жазбаны құру және жүргізу, аутентификациялау, Платформа функцияларына қол жеткізуді қамтамасыз ету Субъектінің келісімі
Кепілдендіру жүйесіндегі турист және сапар туралы мәліметтер ТАӘ (оның ішінде латын әріптерімен); паспорт деректері; тур бағыттары (ел); сапар күндері; әуе тасымалдаушысы; турагент пен туроператор туралы мәліметтер; туристік код; ескертпе. Сапар туралы мәліметтерді көрсету, хабардар ету, шұғыл көмекті және туристі Қазақстан Республикасына қайтаруды ұйымдастыру Заңның 9-бабы 10) т. — субъектінің келісімі
Өтініштер, шағымдар, мәселе туралы хабарламалар ТАӘ; байланыс деректері; e-mail; туристер саны; туркод нөмірі; өтініш мазмұны; қоса берілген құжаттар (шарт, төлем құжаттары және т.б.); жағдай және орналасқан жері туралы мәліметтер (егер субъект хабарласа). Өтініштерді қарау, жауап беру, Кепілдендіру жүйесіне қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау Субъектінің келісімі
Шетелдегі туристке шұғыл көмек көрсету ТАӘ; байланыс деректері; ел және орналасқан жері; туркод нөмірі; бірге жүретін адамдар, оның ішінде кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер; денсаулық жағдайы туралы мәліметтер — тек субъект хабарлаған және көмек көрсету үшін қажет болған жағдайда ғана. Туристің тұруын, күтуін және оралуын ұйымдастыру, тасымалдаушылармен және шетелдегі мекемелермен өзара іс-қимыл жасау Субъектінің (заңды өкілдің) келісімі; оны алу мүмкін болмаған кезде — Заңның 9-бабы 5) т. және 16-бабы 3-т. 4) т.
Хабарламалар Телефон нөмірі (тек хэштелген түрде сақталады); push-хабарламаларға арналған құрылғы идентификаторы, SOS үшін тур деректері. Сапар мәртебесі туралы хабарламаларды, өтініштерге жауаптарды және сервистік хабарламаларды жіберу Субъектінің келісімі
Техникалық деректер және cookie IP-мекенжай; құрылғы мен браузер идентификаторлары; операциялық жүйе мен қосымшаның түрі және нұсқасы; оқиғалар журналдары; cookie файлдары; геолокация — тек құрылғы баптауларында рұқсат берілген кезде, аналитика. Платформаның жұмысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теріс пайдаланудың алдын алу, иесіздендірілген түрде пайдалануды талдау Субъектінің келісімі (міндетті cookie үшін — Платформаның жұмысы үшін қажетті көлемде)

4.2. Дербес деректер Платформаның нақты іске асырылған функциялары көлемінде ғана жиналады. Егер функция іске асырылмаса, тиісті дербес деректер жиналмайды. Оператор Саясаттың 4.1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Платформа арқылы биометриялық деректерді және денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді сұратпайды.

4.3. Дербес деректер идентификаторларымен байланысты емес техникалық деректер, cookie файлдары және өзге де мәліметтер өздігінен дербес деректер болып табылмайды. Егер мұндай мәліметтер идентификатормен (мысалы, есептік жазбамен немесе телефон нөмірімен) байланыстырылса, олар Саясатқа сәйкес дербес деректер ретінде өңделеді.

5. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

5.1. Дербес деректерді жинау және өңдеу Заңның 7-бабының 5-тармағында және 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады.

5.2. Келісім жазбаша түрде, дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік немесе мемлекеттік емес сервисі арқылы не келісімнің алынғанын растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен беріледі. Платформада келісім дербес деректерді жинау басталғанға дейін, Пайдаланушы келісімін қабылдаудан бөлек, субъектінің белсенді іс-әрекеті арқылы (әдепкі бойынша толтырылмаған өріске белгі қою және тиісті батырманы басу) беріледі. Мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілерінде қамтылған дербес деректерді жинау және өңдеу кезінде келісім мемлекеттік сервис арқылы беріледі.

5.3. Келісім мәтіні мыналарды қамтиды: Оператордың атауы мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі; субъектінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде); келісімнің қолданылу мерзімі немесе кезеңі; дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігі немесе мүмкіндігінің жоқтығы туралы мәліметтер; трансшекаралық берудің болуы немесе болмауы туралы мәліметтер; дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде тарату мүмкіндігі немесе мүмкіндігінің жоқтығы туралы мәліметтер; жиналатын деректердің тізбесі.

5.4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгіленбесе, келісімнің қолданылу мерзімі дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті мерзімнен аспайды. Егер мерзім көрсетілмесе, келісім оны беру кезінде айқындалған өңдеу мақсаттарына қол жеткізілгенге дейін қолданылады.

5.5. Оператор келісімді алу фактісі, күні, уақыты мен тәсілі және оның мәтінінің редакциясы туралы мәліметтерді тіркейді және сақтайды, заңнамада көзделген жағдайларда келісімнің алынғаны туралы дәлелдеме ұсынады, сондай-ақ келісімнің қолданылу мерзімін сақтау, үшінші тұлғаларға беру, трансшекаралық беру және жалпыға қолжетімді көздерде тарату бөлігінде дербес деректермен жасалатын іс-әрекеттерді тіркеуді және есепке алуды жүргізеді.

5.6. Кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға қатысты келісімді оның заңды өкілі береді. Платформада басқа адамның (оның ішінде отбасы мүшесінің немесе сапардың өзге қатысушысының) дербес деректерін енгізетін Пайдаланушы өзінің оның заңды өкілі болып табылатынын не осы адамның дербес деректерін Операторға беруге оның келісімін алғанын растайды.

5.7. Заңның 9-бабы негізінде субъектінің келісімінсіз дербес деректерді жинау және өңдеу жағдайларында Оператор тиісті мақсат үшін қажетті мәліметтерді ғана және заңда белгіленген шектерде өңдейді.

6. Жинау, өңдеу және пайдалану тәртібі

6.1. Дербес деректер Операторға: Платформа нысандарын толтыру кезінде тікелей субъектіден (оның заңды өкілінен); заңнамада және Кепілдендіру жүйесінің қағидаларында белгіленген тәртіппен туроператорлардан, турагенттерден және Кепілдендіру жүйесінің өзге де қатысушыларынан; автоматты түрде — Платформаны пайдалану кезінде техникалық деректер түрінде келіп түседі.

6.2. Дербес деректерді Саясатта және келісімде көрсетілмеген мақсаттарда пайдалану, сондай-ақ оларды бұрын мәлімделген мақсаттар шеңберінен тыс тарату субъектінің немесе оның заңды өкілінің жаңа келісімімен ғана жүзеге асырылады.

6.3. Статистикалық, аналитикалық және зерттеу мақсаттары үшін Оператор дербес деректерді иесіздендірілген түрде пайдаланады.

6.4. Платформада туристік кодты автоматты түрде тексеру ақпараттық сипатқа ие және өздігінен субъектінің құқықтарын туындатпайды, өзгертпейді және тоқтатпайды. Оператор Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, субъектінің келісімінсіз нәтижесінде субъектінің құқықтары мен заңды мүдделері туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын дербес деректерді автоматтандырылған өңдеуді жүзеге асырмайды. Мұндай өңдеуді жүзеге асыру кезінде Оператор субъектіге оның тәртібі мен ықтимал салдарларын түсіндіреді, қарсылық білдіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді және оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.

7. Дербес деректерді сақтау

7.1. Дербес деректер, оның ішінде резервтік көшірмелер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан базада және (немесе) цифрлық объектіде сақталады: «Қазақтелеком» АҚ Деректер орталығы, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, АТС-47.

7.2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректерді сақтау мерзімі оларды жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізілген күнмен айқындалады. Оператор мынадай сақтау мерзімдерін белгілейді:

  • есептік жазба деректері — есептік жазба жойылғанға дейін және одан кейін 3 жыл ішінде;
  • өтініштер мен хат-хабарлар — жауап берілген күннен бастап 3 жыл;
  • Кепілдендіру жүйесіндегі турист және сапар туралы мәліметтер — 3 жыл;
  • келісімдер және оларды кері қайтарып алу туралы мәліметтер — өңдеудің заңдылығын растау мақсатында келісімнің қолданылу мерзімі ішінде және ол тоқтатылғаннан кейін 3 жыл;
  • техникалық журналдар — 3 жыл; cookie файлдары — Саясаттың 11-бөлімінде көрсетілген мерзімдер шегінде.

7.3. Сақтау мерзімі өткеннен кейін, субъектімен құқықтық қатынастар тоқтатылған кезде, сот шешімі заңды күшіне енген кезде, келісімсіз жинау және өңдеу анықталған кезде (егер келісім талап етілсе) және заңнамада белгіленген өзге де жағдайларда дербес деректер жойылады немесе өшіріледі не егер бұған заңнамада жол берілсе, анонимизацияланады немесе иесіздендіріледі.

8. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру

8.1. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру субъектінің келісімі болған кезде не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тиісті мақсат үшін қажетті көлемде ғана жүзеге асырылады.

8.2. Дербес деректерді алушылар мыналар болуы мүмкін:

  • туроператорлар мен турагенттер — Кепілдендіру жүйесіне қатысушылар — туристің сапары мен өтініші туралы мәліметтер бөлігінде;
  • туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар — Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер болған кезде;
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, тасымалдаушылар, орналастыру орындары, сақтандыру ұйымдары және қабылдаушы тараптар — шұғыл көмек көрсету және туристі қайтару үшін қажетті көлемде;
  • Операторға Платформа хостингі, оны әзірлеу, техникалық қолдау, SMS- және push-хабарламаларды жіберу бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар: https://mobizon.kz сервисі;
  • соттар, құқық қорғау және өзге де уәкілетті органдар — Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен.

8.3. Оператор дербес деректерді үшінші тұлғаларға олар Заңға сәйкес дербес деректердің құпиялылығы мен қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шартпен бекітілген міндеттемелерді қабылдаған жағдайда ғана береді. Мұндай міндеттемелерді қабылдаудан бас тартқан немесе оларды қамтамасыз ете алмайтын тұлғаларға дербес деректерге қол жеткізу берілмейді.

8.4. Қолжетімділігі шектеулі дербес деректер үшінші тұлғаларға қорғалған байланыс арналары бойынша және (немесе) шифрлауды қолдана отырып беріледі.

8.5. Егер келісімде субъектіні оның дербес деректерінің үшінші тұлғаға берілгені туралы хабардар ету шарты көзделсе, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Оператор субъектіні он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

8.6. Оператор дербес деректерді сатпайды және оларды жарнама немесе маркетинг мақсаттары үшін үшінші тұлғаларға бермейді.

9. Дербес деректерді трансшекаралық беру

9.1. Дербес деректерді трансшекаралық беру Саясаттың 9.2-тармағында көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылады. Трансшекаралық беру дербес деректерді Қазақстан Республикасының аумағында сақтау міндетін жоймайды.

9.2. Трансшекаралық беру мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін: болу елінде туристке шұғыл көмек көрсету — орналастыру орындарына, тасымалдаушыларға, қабылдаушы тараптарға және болу еліндегі өзге де тұлғаларға.

9.3. Трансшекаралық беру дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ететін шет мемлекеттердің аумағына жүзеге асырылады. Дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етпейтін мемлекеттердің аумағына беруге субъектінің трансшекаралық беруге келісімі болған кезде, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер келісім алу мүмкін болмаса, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ғана жол беріледі.

10. Жалпыға қолжетімді көздерде тарату

10.1. Оператор мұндай орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратпайды. Мұндай жағдайларда таратуға жатпайтын дербес деректер бүркемелеу (маскирование) жолымен қорғалады.

10.2. Туристік кодты тексеру нәтижелері тексеруді жүзеге асырған тұлғаға қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді ашпай беріледі; турист туралы сәйкестендіру мәліметтері бүркемеленген түрде көрсетіледі.

11. Cookie файлдары және ұқсас технологиялар

11.1. Сайтта cookie файлдары, ал мобильді қосымшада — ұқсас технологиялар (құрылғы идентификаторлары мен бағдарламалық компоненттер) пайдаланылады:

  • міндетті — авторизациялау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және баптауларды сақтау үшін; оларсыз Платформа дұрыс жұмыс істей алмайды.

11.2. Пайдаланушы кез келген уақытта Платформа баннерінде немесе браузерде cookie баптауларын өзгерте алады, сондай-ақ құрылғы баптауларында рұқсаттарды кері қайтарып ала алады. Міндетті cookie файлдарынан бас тарту Платформаның функционалдығын шектеуі мүмкін.

12. Дербес деректерді қорғау жөніндегі шаралар

12.1. Оператор Заңға және дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес дербес деректерді қорғау жөніндегі құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды, оның ішінде:

  • дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындайды, дербес деректердің тізбесін және оларды өңдеу мен қорғау жөніндегі ішкі құжаттарды бекітеді;
  • жұмыскерлердің дербес деректерге қол жеткізуін олардың лауазымдық міндеттері шегінде шектейді; қол жеткізген тұлғалар олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті;
  • дербес деректерді беру және сақтау кезінде шифрлауды, бүркемелеу және хэштеу әдістерін, қол жеткізуді бақылау мен журналға тіркеуді, резервтік көшіруді, вирусқа қарсы қорғауды және желіаралық экрандауды қолданады;
  • дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алуды, мұндай қол жеткізуді уақтылы анықтауды және оның қолайсыз салдарларын барынша азайтуды қамтамасыз етеді;
  • уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен олардың қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарау үшін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өңдейтін цифрлық объектілерге мемлекеттік техникалық қызметтің қол жеткізуін ұсынады;
  • Заңның 25-1-бабына сәйкес меншік иесі және (немесе) оператор ретінде өз санатын айқындайды және Заңның 10-1-бабында көзделген жағдайларда уәкілетті органды дербес деректерді өңдеудің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

12.2. Дербес деректердің қауіпсіздігі бұзылғаны анықталған жағдайда Оператор анықталған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректерін көрсете отырып, уәкілетті органды хабардар етеді және бұзушылық салдарларын барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды.

12.3. Оператордың дербес деректерді қорғау жөніндегі міндеттері олар жиналған сәттен бастап туындайды және олар жойылғанға, өшірілгенге, анонимизацияланғанға не иесіздендірілгенге дейін қолданылады.

13. Дербес деректер субъектісінің құқықтары

13.1. Субъектінің:

  • Операторда, сондай-ақ үшінші тұлғада өзінің дербес деректерінің бар екені туралы білуге, сондай-ақ дербес деректерді жинау және өңдеу фактісін, мақсатын, көздерін, тәсілдерін растауды, дербес деректердің тізбесін, өңдеу мерзімдерін, оның ішінде сақтау мерзімдерін қамтитын ақпаратты алуға;
  • тиісті құжаттармен расталған негіздер болған кезде өзінің дербес деректерін өзгертуді және толықтыруды талап етуге;
  • дербес деректерді жинау, өңдеу шарттарының бұзылғаны туралы ақпарат болған жағдайда оларды бұғаттауды және (немесе) анонимизациялауды талап етуге;
  • жиналуы мен өңделуі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргізілген өзінің дербес деректерін жоюды немесе өшіруді, сондай-ақ заңнамада белгіленген өзге де жағдайларда талап етуге;
  • Заңның 8-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, жалпыға қолжетімді көздерде таратуға, үшінші тұлғаларға беруге және трансшекаралық беруге келісімін кері қайтарып алуға;
  • өзінің дербес деректерін жалпыға қолжетімді көздерде таратуға келісім беруге (бас тартуға);
  • өзінің дербес деректерін автоматтандырылған өңдеуге қарсылық білдіруге;
  • өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, оның ішінде моральдық және материалдық зиянды өтетуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

13.2. Субъект Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда өзінің дербес деректерін ұсынуға міндетті.

14. Субъектінің құқықтарын іске асыру тәртібі мен мерзімдері

14.1. Субъектінің немесе оның заңды өкілінің өтініші (сұрау салуы) Операторға Саясаттың 16-бөлімінде көрсетілген байланыс деректері бойынша жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында не қорғау іс-әрекеттерінің элементтерін қолдана отырып, өзге де тәсілмен беріледі. Оператор өтініш берушіні сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.

14.2. Оператор субъектіге өзіне қатысты дербес деректермен танысу мүмкіндігін өтеусіз береді және сұратылған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімдерде хабарлайды. Ақпарат беруден бас тартылған жағдайда Оператор дәлелді жауап жібереді.

14.3. Бір жұмыс күні ішінде Оператор: дербес деректердің дұрыстығын растайтын құжаттар негізінде оларды өзгертеді және (немесе) толықтырады не өзгерту немесе толықтыру мүмкін болмаған кезде оларды жояды немесе өшіреді; дербес деректерді жинау, өңдеу шарттарының бұзылғаны туралы ақпарат болған кезде оларды бұғаттайды; дербес деректерді заңнаманы бұза отырып жинау, өңдеу фактісі расталған кезде оларды жояды немесе өшіреді; бұзушылық фактісі расталмаған кезде бұғаттауды алып тастайды.

14.4. Келісім кері қайтарып алынған кезде Оператор он бес жұмыс күні ішінде, егер дербес деректерді сақтау немесе өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілмесе, оларды өңдеуді тоқтатады не дәлелді бас тартуды ұсынады. Егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе не орындалмаған міндеттеме болған кезде келісімді кері қайтарып алуға болмайды.

14.5. Дербес деректерді автоматтандырылған өңдеуге қарсылық ол алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаралады, қарау нәтижелері туралы субъект хабардар етіледі.

14.6. Субъект Оператордың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органына не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

15. Саясатты өзгерту

15.1. Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасы, Платформа функционалы немесе дербес деректерді өңдеу процестері өзгерген кезде Саясатты өзгертуге құқылы. Жаңа редакция күшіне ену күні мен редакция нөмірі көрсетіле отырып Платформада орналастырылады; алдыңғы редакцияларды Оператор сақтайды.

15.2. Егер өзгерістер келісімге енгізілген мәліметтерді (деректер тізбесін, мерзімін, үшінші тұлғаларға беруді, трансшекаралық беруді, жалпыға қолжетімді көздерде таратуды) қозғаса, Оператор мұндай өзгерістерді қолданғанға дейін субъектінің жаңа келісімін алады.

16. Оператордың деректемелері мен байланыс деректері

Толық атауы: «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры.

БСН: 160440005086.

Заңды мекенжайы: ҚР, Астана қ., Тұран даңғ., 1.

Дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлға: Директор — Есилов А.Б.

Дербес деректер мәселелері бойынша өтініштерге арналған электрондық пошта: fondkamkor@fondkamkor.kz, fondkamkor@gmail.com.

Телефон: +7 (7172) 677-112, +7 (700) 112-2-112.

Сайт: https://fondkamkor.kz. Мобильді қосымша: «Tourcode».

Пайдаланушы келісіміне өту →
Біз туралы
  • Басшылық
  • Төтенше кеңес
  • Қамқоршылық кеңесі
  • Жүйенің қызметі
  • Есептілік
  • Контактілер
Туристерге
  • Туристік жадынама
  • Туркодты тексеру
Турагенттіктерге
  • Турагенттік жадынама
  • Турагенттер тізімі
Туроператорлерге
  • Жұмыс жөніндегі нұсқаулық
Астана қ. Калибек Куанышбаев, 11Б
@2026 "Туристік Қамқор"корпоративтік қоры
Құпиялылық саясаты Пайдаланушы келісімі

Әзірленген ZIZ Inc.