Кепілдік беру жүйесінің әкімшісі Сауд Арабиясы және Катар бағыты бойынша туркодтарды беруді жалғастыруда
«Туристік Қамқор» — Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын Кепілдік беру жүйесінің Әкімшісі Сауд Арабиясы Корольдігі мен Катар Мемлекетіне шығатын қазақстандық туристер үшін туркодтарды рәсімдеуді қайта бастау туралы хабарлайды.
Шешім Парсы шығанағы елдеріндегі (Сауд Арабиясы мен Катардағы) жағдайдың тұрақтануы, тұрақты әуе қатынасының қайта басталуы және осы бағыт бойынша туристік өнімдер сатылымының қалпына келуі туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұстанымын ескере отырып қабылданды. Осыған байланысты Кепілдік беру жүйесі Сауд Арабиясына және Катар еліне шығатын туристер үшін туркодтарды рәсімдеуді қайта бастайды.