Туристік жадынама
Бас  /   Туристерге  /   Туристік жадынама
Турды сатып алмас бұрын:
ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің турагенттіктерінің тізімін пайдаланыңыз және өз қалаңыздың турагенттігін таңдаңыз - мұны мына сілтеме бойынша жасауға болады - http://kamkor-list.kz/index.html

Турагенттіктің қызметтерімен мұқият танысыңыз

Турды таңдау кезінде туроператор ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатынын – табылмайтынын тексеріңіз. Мұны екі жолмен жасауға болады - "қатысушы куәлігін" ұсынуды немесе туроператорды "қатысушылар тізілімінде"тексеруді сұраңыз.

Турды ресімдегеннен кейін құжаттаманы алған кезде сапардың әрбір қатысушысына берілген ТУРКОДТЫҢ бар-жоғын тексеріңіз.
ТУРКОДТЫ тексеру үшін осы сайттың басты бетіндегі "туркодты тексеру" терезесіне басыңыз да, өз ТУРКОДЫҢЫЗДЫ енгізіңіз. Жүйе сіз турлар тізіліміне енгізілгеніңізді немесе кірмегеніңізді көрсетеді. Тізілімге сіздің ТУРКОДЫҢЫЗДЫ енгізілген болса? осы туроператорда қиындықтар туындаған кезде сізге Қазақстанға қайтып оралуға кепілдік берілгенін білдіреді.
Тізілімде сіз болмаған жағдайда, осы жағдайды шешу үшін сайтта жүйенің әкімшісіне тиісті өтінішті ресімдеуді сұраймыз.
Барлығына арналған артықшылықтар
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы №607 қаулысымен қолданысқа енгізілді. "Туристік Қамқор" корпоративтік қоры ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы №608 қаулысына сәйкес жүйенің әкімшісі болып белгіленді
Жедел тіркеу және растау
Туркодты автоматты генерациялау
Қамқор серверінде Туркодты өңдеу
Қазақстанға туристерді қайтару кепілдігі
Жүйенің қызметі туралы жыл сайынғы есептер
Туристік саланың барлық қатысушыларының өзара тиімді іс-қимылы
Күнделікті ұшу статистикасы
+
Сообщение сайта
+
+
Хотите разместить заказ или узнать больше о наших продуктах?
Пожалуйста, заполните форму ниже.
Ваше сообщение будет обработано в кратчайшие сроки!
Жіберу