Шығу туризмі саласында
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына
кепілдік беру жүйесі
Жүйенің әкімшісі
ТУРИСТІК ҚАМҚОР
Шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі
Жүйенің әкімшісі
ТУРИСТІК ҚАМҚОР
RU
Туристік ақпараттық жаднамасы

«ТУРИСТІК ҚАМҚОР» корпоративтік қоры (бұдан әрі - «Қор») - шығу туризмі саласындағы Қазақстан Республикасының Азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі - шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметті Қазақстан Республикасының аумағына жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлайтын заңды тұлғалардың мүшелігі қағидатына негізделген бірлестік түріндегі коммерциялық емес ұйым болып табылады және заңнамаға сәйкес туристтерге шұғыл көмек көрсету мақсатында әрекет етеді.

Қордың байланыс деректері:
Мекенжайы: 010000, Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 14 үй, «Marden» БО, 901 кеңсе
E-mail: fondkamkor@fondkamkor.kzfondkamkor@gmail.com
Жедел желі телефоны: 8 (7172) 279-112
Телефондар: +7 (707)-105-55-70, +7 (701) 534-05-80

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдіктермен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа аударылуы тиіс ақша сомасын бекіту туралы» № 607 Қаулысына сәйкес, турист Жүйенің әкімшісіне жүгінген жағдайда Қордың арнайы шотының қаражаты есебінен шұғыл көмек алуға құқылы. Шұғыл көмек уақытша болу еліндегі туристке, аталған турист Жүйенің әкімшісімен немес туристік өнімді қалыптастырған туроператормен шарттың негізінде әрекет ететін турагентпен шарты бар туроператормен туристік өнімді өткізу туралы шартты жасасқан немесе оған қатысты бұл шартты басқа тұлға жасасқан жағдайда, туристік өнімді өткізу туралы шарт бойынша туроператор тарапынан өз міндеттемелерін орындай алмау, орындамау немесе тиісінше орындамау жағдайларында көрсетіледі.

Шұғыл көмекті Жүйенің әкімшісі туристке жүгінімнің негізінде тегін көрсетеді,ол Жүйенің әкімшісіне жүгінімнің авторын анықтауға мүмкіндік беретін кез келген тәсілмен жіберіле алады және туристтің (туристтердің) тегін, атын және әкесінің атын, туристтің (туристтердің) орналасқан жерінің мекенжайын, туркод нөмірін, туристік өнімді өткізу туралы шарттың нөмірін және туроператордың (турагенттің) атауын, жүгінімнің авторының байланыс ақпаратын, туристік өнімді өткіззу туралы шарт бойынша туроператор тарапынан өз міндеттемелерін орындай алмауын, орындамауын немесе тиісінше орындамауының мүмкінсіздігін куәландыратын жағдаяттарды (фактілер) қамтуы тиіс. Туристке шұғыл көмек көрсету немесе оны көрсетуден бас тарту туралы шешімді Жүйенің әкімшісі қысқа мерзімде, бірақ 24 сағаттан артық емес уақытта қабылдайды.

Шұғыл көмек көрсетудің регламенті

Жүйенің әкімшісі

кеңесінің 20 __ ж. «__»

________________

№ ___ шешімімен

бекітілді

«Туристік Қамқор» Корпоративтік Қоры шығу туризмі саласындағы Қазақстан Республикасының Азаматтарына кепілдік беру жүйесінің Әкімшісі тарапынан шұғыл көмек көрсетудің регламенті

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы регламент Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 қазандағы № 607 Қаулысымен бекітілген ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес әзірленген.

1.3. Шұғыл көмекті алушылар (бұдан әрі - өтініш білдіруші, турист) туристік өнімді өткізу туралы шартты жасасқан немесе өздеріне қатысты жасалған жеке тұлғалар:

Қазақстан Республикасының азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің (бұдан әрі - Жүйе) қатысушысы болып табылатын туроператормен (туроператор-әуе кемесімен жалданушы);

туристік өнімді қалыптастырған туроператормен бірге шарттың негізінде әрекет ететін турагентпен (бұдан әрі - турагент).

1.4. Жүйенің әкімшісі туристтің және (немесе) басқа тапсырыс берушінің, және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органының, және (немесе) Қазақстан Республикасының субъектісінің мемлекеттік билік органының, және (немесе) туроператордың, және (немесе) турагенттің өтініші негізінде (бұдан әрі - туристтің өтініші) Ережелермен белгіленген тәртіпте туристке тегін шұғыл көмек көрсетеді.

Туристтің жүгінімі Жүйенің әкімшісі тарапынан жүгінімнің авторын анықтауға мүмкіндік беретін кез келген тәсілмен, электрондық пошта, факс, пошта, Интернет желісінде Жүйенің әкімшісінің сайтындағы онлайн-жүгінім және басқа тәсілдермен қабылдануы мүмкін.

  1. Шұғыл көмек көрсетудің тәртібі

2.1. Туристтің өтінішін қабылдаған кезде Жүйенің әкімшісінің қызметкері оның ішінде шұғыл көмек көрсету туралы шешім қабылдауға қажетті міндетті мәліметтердің болуын тексереді:

- туристтің (туристтердің) тегі, аты және әкесінің аты;

- өтініш авторының байланыс ақпараты;

- туристтің (туристтердің) орналасқан жерінің мекенжайы;

- туристік өнімді өткізу туралы шарт бойынша туроператор тарапынан міндеттемелерін орындай алмау, орындамау немесе тиісінше орындамауын куәландыратын жағдаяттар (фактілер);

Туристтің өтінішінде осы тармақта аталған мәліметтер болмаса, Жүйенің әкімшісінің қызметкері өтініш білдірушіден жеткіліксіз мәліметтерді ұсынуын сұрайды, сондай-ақ өтініш білдірушіні оларды ұсынбаудың құқықтық салдары туралы хабардар етеді.

2.2. Туристтерге қолғабыс ету мақсатымен Жүйенің әкімшісі осы регламентке № 1 қосымшада көрсетілген шұғыл көмек көрсетуге арналған өтініштің ұсынылған нысанын (бұдан әрі - шұғыл көмек көрсетуге арналған өтініштің нысаны) «Интернет» желісіндегі www.fondkamkor.kz ресми сайтына (бұдан әрі - сайт) орналастырады, сондай-ақ туроператорлар мен турагенттерге өтініштің осы нысанын туристік өнімге арналған туристтің құқығын куәландыратын құжаттармен бірге туристтерге беруді ұсынады.

2.3. Телефон қоңырауларына, өтініш білдірушілердің ауызша және жазбаша өтініштеріне жауап берге кезде Жүйенің әкімшісінің қызметкерлерінің міндеттері, Жүйенің әкімшісінің қызметкерлерінің өтініш білдірушілермен өзара іс-қимыл жасауына қойылатын талаптар:

- шұғыл көмек көрсету туралы әрбір өтінішті Жүйенің әкімшісінің қызметкерлері Өтініштер тізіліміне жазып алады, ол Жүйенің әкімшісінің басшылығымен бекітілген нысан бойынша электрондық түрде жүргізіледі;

- өтініш білдірушілердің телефон қоңырауларына, ауызша және жазбаша өтініштеріне әдепті, сыпайы түрде жауап беріледі;

- Жүйенің әкімшісінің қызметкері өтініш білдірушінің ауызша өтінішіне жазбаша түрдегі өтініштің мәнін түсіндіруі керек, егер өтініш білдірушінің мұндай мүмкіндігі болмаса, өтініш білдірушінің айтуынша шұғыл көмек көрсетуге арналған өтініштің нысанын толтырып, өтініш білдірушінің қоңырау шалған уақытын және телефон нөмірін жазып көрсетіп, «Телефон байланысы арқылы шұғыл көмек көрсетуге арналған өтінішті қабылдау кезінде өтініш білдірушінің айтуынша жазылды» белгісін жасауы керек.

2.4. Жүйенің әкімшісі Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес, Жүйенің әкімшісі шұғыл көмек көрсету кезінде алған дербес деректер туралы ақпараттың қауіпсіздігін, соның ішінде оларды өңдеу кезінде қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдайды.

2.5. Туристтерге шұғыл көмек көрсетумен байланысты Жүйенің әкімшісінің қызметі туралы ақпарат сайтқа жедел орналастырылады және ескерту сипатына ие.

2.6. Қазақстан Республикасының азаматтарына шұғыл көмек көрсетуді тоқтата тұруға жол берілмейді.

2.7. Жүйенің әкімшісінің қызметкері осы регламенттің 2.3 тармағында көзделген тәртіпте бекітілген шұғыл көмекті көрсетуге арналған өтінішті Жүйенің Әкімшісінің директорына, ол болмаған жағдайда - Жүйенің әкімшісінің директоры немесе оның орнын ауыстыратын тұлға шұғыл көмекті көрсетуге арналған өтінішті алу фактісі бойынша:

- туристтің өтінішінде баяндалған мәліметтердің дұрыстығын тексеруді дереу қамтамасыз етеді, соның ішінде туристік өнімді өткізу туралы шарт бойынша туроператор тарапынан міндеттемелерді орындай алмау, орындамау немесе тиісінше орындамау жағдаяттарын, сондай-ақ шұғыл көмек көрсету немесе оны көрсетуден бас тарту туралы негізделген шешім қабылдауға қажетті өзге жағдаяттарды анықтайды;

- қажет болса өтініштің авторынан, сондай-ақ туристік өнімге кіретін жекелеген қызметтерді көрсететін үшінші тұлғалардан туристтің өтінішінің мәніне қатысты қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұрайды;

- шұғыл көмек көрсету туралы өтінішті алған сәттен бастап бір сағат ішінде Жүйенің әкімшісі кеңесінің мүшелерінің мекенжайына шұғыл көмек көрсетуге арналған өтінішті жібереді;

- Жүйенің әкімшісі Кеңестің мүшелерін алған өтініш туралы, сондай-ақ Кеңестің отырысының күні мен уақыты туралы дереу хабардар етеді.

2.8. Шұғыл көмек көрсетуге арналған өтініште баяндалған мәліметтердің дұрыстығын тексеру тәртібінде Жүйенің әкімшісінің директоры немесе оның орнын ауыстыратын тұлға:

- шұғыл көмекті көрсетуге арналған өтініште айтылған туроператордың өкілдеріне хабарласады;

- туроператор тарапынан туристік өнімді өткізу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындай алмау, орындамау немесе тиісінше орындамау фактісі расталса, туроператордан шетелдегі туристтердің саны, олардың орналасқан жері (ел, қала, курорт, мейманхана), туристтерді Қазақстанның аумағына тасымалдау туралы ақпаратты, Қазақстанда және шетелде қызметтердің жеткізушілері алдындағы берешек көлемін, туристтің өтінішінің мәніне қатысты өзге де мәліметтерді сұрайды;

- туристік өнімді өткізу туралы шарт бойынша туроператор тарапынан өз міндеттемелерін орындай алмау, орындамау немесе тиісінше орындамау фактісінің растауы болмаса, туроператордан туристтің жүгінімі шындыққа сай келмейтін мәліметтерден тұратынын куәландыратын фактілердің жазбаша растауын, растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса ұсынуын сұрайды.

- Қазақстандағы және шетелдегі туроператордың қызметтерін жеткізушілерге жүгінеді (әуе компаниялар, орналастыру құралдары, қабылдайтын компаниялар) және растайтын құжаттарды қоса ұсынып, туристік өнімді өткізу туралы шарт бойынша туроператор тарапынан өз міндеттемелерін тиісінше орындамауын куәландыратын фактілердің жазбаша растауын сұрайды;

- өзге қажетті әрекеттерді жасайды.

2.9. Шұғыл көмекті көрсетуге арналған жүгінім келіп түссе, Төраға шұғыл көмек көрсеу/көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдауға арналған заңнамамен белгіленген 24-сағаттық мерзімде Жүйенің әкімшісінің кеңесінің отырысын шақыруға міндетті.

2.10. Шұғыл көмек көрсетуге арналған өтінішке байланысты Жүйенің әкімшісінің кеңесін шақырған жағдайда:

- Кеңестің мүшелері отырысқа өздері немесе өз өкілдері арқылы қатысуға міндетті;

- Кеңестің отырысында туристтің жүгінуінде баяндалған мәліметтердің дұрыстығын тексеру тәртібінде Директор ұсынған деректер, соның ішінде туристік өнімді өткізу туралы шарт бойынша туроператор тарапынан өз міндеттемелерін орындай алмау, орындамау немесе тиісінше орындамауының анықтайтын/теріске шығаратын жағдаяттарды, сондай-ақ шұғыл көмек көрсету немесе оны көрсетуден бас тарту туралы негізделген шешім шығаруға қажетті өзге де жағдаяттар талдануы тиіс;

- Директордан алған деректердің негізінде Жүйенің әкімшісінің кеңесі туристке шұғыл көмек көрсету немесе көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады;

- Жүйенің әкімшісінің кеңесі шұғыл көмек көрсетуге арналған өтінішті Жүйенің әкімшісінен алған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей туристке шұғыл көмек көрсету немесе көмек көрсетуден бас тарту туралы шешімді жазбаша түрде шығаруға міндетті;

2.11. Шұғыл көмек көрсету бойынша іс-шараларды қаржыландыру Жүйенің әкімшісімен арнайы шоттағы қаражат есебінен жүргізіледі. Арнайы шоттағы қаражаттан төлеу мөлшері туристтерге шұғыл көмек көрсетуге арналған нақты шығындарға сүйене отырып анықталады. Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша әрекеттерді жүзеге асыру үшін, сондай-ақ арнайы шоттағы қолданылған қаражаттың орнын толтыру үшін жүйенің әкімшісінің арнайы шотында қаражат жеткіліксіз болса, Жүйенің әкімшісі туристік қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының банктік кепілдігі бойынша міндеттемелерді орындау бойынша талапты ұсынады.

Туристтерге шұғыл көмек көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру Жүйенің әкімшісі мен тасымалдау және (немесе) орналастыру бойынша жекелеген қызметтерді және туристке шұғыл көмек көрсетуге қажетті басқа да қызметтерді көрсететін үшінші тұлғалармен (олардың бірлестіктерімен) жасасқан шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

2.12. Шұғыл көмекті көрсетумен немесе көмек көрсетуден бас тартумен байланысты Жүйенің әкімшісінің барлық шешімдері туралы Директор 24 сағаттан кешіктірмей жалпы қолданыстағы ақпараттық-телекоммуникация желілерін қолдана отырып туристік қызмет саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.

2.13. Жүйенің әкімшісі Кеңестің шешімінің негізінде шұғыл көмек алуға ниет білдірген туристтерге шұғыл көмек көрсетеді.

Шұғыл көмекті көрсету Жүйенің әкімшісімен шарттар жасасқан үшінші тұлғаларды жұмылдыра отырып жүргізіледі.

2.14. Шұғыл көмек көрсету немесе көмек көрсетуден бас тарту туралы Кеңестің шешімін Директор дереу сайтқа орналастырады

2.15. Директор қағаз және электрондық тасығыштарда, соның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен технологияларды қолдана отырып арнайы шоттағы қаражаттан төлемдердің есебін (оларды жүзеге асырудан бас тарту) жүргізуге міндетті.

2.16. Туристтерге шұғыл көмек көрсетудің қажеттілігіне себеп болатын туристік өнімді өткізу туралы шарт бойынша туроператор тарапынан міндеттемелерін орындай алмау, орындамау немесе тиісінше орындамауымен байланысты жағдай туындаса, туроператор шұғыл көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін осы регламенттің 2.1 тармағындағы тәртіпте қажет міндетті мәліметтерді көрсете отырып Жүйенің әкімшісіне тиісті өтінішті дереу жіберуге міндетті. 

Туроператор Директордың немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның өтінішін алған сәттен бастап бір сағаттан кешіктірмей, осы регламенттің 2.8 тармағының тәртібінде сұралған барлық қажетті мәліметтерді растайтын құжаттармен бірге ұсынуға міндетті. 

  1. Қорытынды ережелер

3.1. Осы регламентті өзгертуді талап ететін Ережелерге өзгертулер енгізілген жағдайда, құрылтайшы осы регламентке өзгертулер енгізу туралы шешім қабылдау мақсатымен Кеңестің отырысын дереу шақыруға міндетті.

3.2. Осы регламент Ережелерге қайшы келсе, Жүйенің әкімшісі шұғыл көмек көрсеткен кезде Ережелерді басшылыққа алуға міндетті.

Шұғыл көмек алуға арналған өтініш

Мәтінмен төменде таныса аласыз, толтыруға арналған нұсқасын мына жерде жүктей аласыз Microsoft Word үшін, LibreOffice үшін.

ҚР шығу туризмі саласында азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісіне

«ТУРИСТІК ҚАМҚОР» КҚ директорына

Асылхан Бурамбекович Есиловке

Шұғыл көмек алуға арналған

өтініш

Шұғыл көмек көрсету ережелеріне сәйкес көзделген тәртіпте, өзім туралы (және мені сүйемелдейтін тұлғалар туралы) және шұғыл көмек көрсету қажеттілігінің туындау жағдаяттары туралы келесі қажетті ақпаратты хабарлаймын:

  1. Туристтің (туристтердің) толық А.Ә.Т (кәмелет жасқа толмаған балалардың атынан өтінішті ата-анасы немесе өзге заңды өкілі толтырады және қолын қояды):

     
     
     
  2. Туристтің (туристтердің) орналасқан жерінің мекенжайы:

     
     
     
  3. Туркод нөмірі, туроператордың (турагенттің) атауы:

     
     
     
  4. Өтініш білдіруші(лер)мен байланыс ақпарат (телефон, e-mail):

     
     
     
  5. Туристік өнімді өткізу туралы шарт бойынша туроператор тарапынан міндеттемелерін орындай алмау, орындамау немесе тиісінше орындамауын куәландыратын жағдаяттар (фактілер):

     
     
     

Осы Өтінішке қол қоя отырып, ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасының ережелерімен танысқанымды растаймын, сондай-ақ Жүйенің әкімшісіне менің дербес деректерімді өңдеуіне келісімімді беремін.

Туристке (туристтерге) шұғыл көмек көрсету қажет болса, турист (туристтер) шұғыл көмекті көрсетуге арналған Өтініштің осы ұсынылған нысанын толтырады және Өтінішті кез келген қолжетімді тәсілмен (e-mail, факс, пошта және т.б.) төлқұжаттың көшірмесін немесе фотосуретін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыратын өзге де құжатты қоса тіркеп «Туристік Қамқор» КҚ Жүйесінің әкімшісінің мекенжайына жібереді.

«__»_____________ 20__ж.

___________________________ (______________________________________________)

қолы, толық А.Ә.Т

___________________________ (______________________________________________)

қолы, толық А.Ә.Т

___________________________ (______________________________________________)

қолы, толық А.Ә.Т

___________________________ (______________________________________________)

қолы, толық А.Ә.Т

Мекенжайы: ҚР, Нур-Султан қ., Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік к-сі, 14 үй, "Marden" БО, 807 кеңсе (карта проезда)
e-mail: fondkamkor@mail.ru
+7 (717) 227-91-12
«Туристік Қамқор» жүйесінің әкімшісі