Шығу туризмі саласында
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына
кепілдік беру жүйесі
Жүйенің әкімшісі
ТУРИСТІК ҚАМҚОР
Шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі
Жүйенің әкімшісі
ТУРИСТІК ҚАМҚОР
RU
«Туристік Қамқор» Корпоративтік Қоры

«Туристік Қамқор» Корпоративтік Қоры - Қазақстан Республикасының шығу туризмі саласында Азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі. Қордың негізгі міндеті - туроператордың қаржылық дәрменсіздігі себебінен шұғыл жағдайға тап болған шетелдегі қазақстандық туристтерге шұғыл көмек көрсету.

2016 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 608 Қаулысымен «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қоры Қазақстан Республикасының шығу туризмі саласында Азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі болып анықталды.

2016 жылғы 7 қарашада «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қоры Қазақстан Республикасының шығу туризмі саласында Азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі ретіндегі қызметін бастады.

«Туристік Қамқор» Корпоративтік Қоры турбизнес және мемлекеттік органдар арасындағы дәнекер болып табылады. Өткен кезеңде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаментімен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен, ҚР Ұлттық банкімен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен тиімді өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қорының Қазақстан Республикасының шығу туризмі саласында Азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі ретіндегі қызметі жарғылық мақсаттар мен міндеттерге толығымен сай келеді.

Жүйенің әкімшісі өзінің күнделікті қызметімен өз құзыретінің аясында әртүрлі жағдайларды шешуге тиімді қатысуға абсолюттік дайындығын тұрақты түрде растайды.

ТУРОПЕРАТОРДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК

Туристік компанияны таңдау және шарт жасасу сияқты жай емес іске барлық жауапкершілікпен қарау қажет. Туроператорды дұрыс таңдаудың арқасында, демалыстан ләззат ала аласыз, сондай-ақ қауіпсіздігіңіз де қамтамасыз етіледі.

Туристік қызмет көрсетуге арналған шартты ресімдеуге де назар аудару қажет. Сіздің алдағы саяхатыңыз фирмамен туристік қызмет көрсетуге арналған шартпен қаншалықты толық және сапалы түрде танысқаныңызға байланысты болады. Шарттың тақырыпатындағы және мөрдегі компанияның атауы бір-біріне сәйкес келуге тиіс екендігін ескертеміз.

Туристік агенттік шартты барынша түсінікті және қолжетімді етіп құрастыруы тиіс. Барлық күндер мен ақшалай төлемдерді, сіздің алдағы орналасатын жерлеріңізді және демалыс күндер санының дұрыстығын тексеріңіз. Шартта көрсетілген айыппұл санкцияларына және қызметке ақы төлеу түріне ерекше назар аударыңыз. Қосымша сұрақтар қоюдан ұялмаңыз.

Қандай да бір себептер бойынша шартты бұзу мүмкіндігі көрсетілген тармақтарға ерекше назар аударыңыз. Егер олар туроператордың саясатына қайшы келмесе сіздің барлық тілектеріңіз шартта айқындалуы тиіс. Саяхаттың кейбір ұсақ бөлшектерін әдетте клиентпен жасалған шартта емес, брондау парағында баяндайды.

Туристік қызмет көрсетуге арналған шартты жасасуға дейін, таңдалған туроператордың «Туристік Қамқор» КҚ жүйесінің қатысушылары тізіліміне кіреді ме екенін сұрауды барлық туристтерге табандылықпен ұсынамыз. Себебі туроператор туристік өнімді өткізу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындай алмаса, орындамаса немесе тиісінше орындамаса, шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасының Азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын туроператордан туристік жолдаманы сатып алған және туркоды бар тұтынушыларға ғана шұғыл көмек көрсетуге кепілдік беріледі.

Туроператорлар туралы сіздің қызықтыратын барлық ақпарат біздің сайтта орналасқан.

Жақсы демалыңыз!

Қордың қызметінің негізгі мақсаты

Туроператорлар, туроператор-әуе кемесімен жалданушылар орналасу жерлері мен кері билеттің ақысын төлей алмаса, туристтер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болу елінен Қазақстан Республикасының аумағына жедел түрде қайтаруды қамтамасыз ету.

Адрес: РК, г.Нур-Султан, Сарыаркинский район ул. Бейбитшилик, 14 БЦ "Marden" оф.807 (карта проезда)
e-mail: fondkamkor@mail.ru
+7 (717) 227-91-12
Администратор системы «Туристік Қамқор»