Шығу туризмі саласында
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына
кепілдік беру жүйесі
Жүйенің әкімшісі
ТУРИСТІК ҚАМҚОР
Шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі
Жүйенің әкімшісі
ТУРИСТІК ҚАМҚОР
RU
Қызметтің бірінші жылы үшін Қазақстан Республикасының Азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісінің қызметі туралы есеп

Шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасының Азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 608 Қаулысымен әрекетке енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 608 Қаулысына сәйкес Жүйенің әкімшісі болып «Туристік Қамқор» КҚ анықталды.

Осылайша, Қазақстан Республикасы туроператорлар қауымдастығы Жүйеге әкімшілік етеді.

Жүйе, Қазақстан Республикасының азаматтары, турагенттер, туроператорлар, туроператор-әуе кемесімен жалданушылар, Жүйенің әкімшісі мен туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның арасында құқықтық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Кепілдік беру жүйесінің әкімшісінің мақсаты - Кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын туроператор өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда туристтерді Қазақстан Республикасына жедел қайтару, оған мыналар кіреді:

- шығаруға дейін орналастыруды (уақытша тұруды) қамтамасыз ету;

- азаматтардың тамақтануын ұйымдастыру (ICAO стандарттарына сәйкес);

- шығару орнына дейін трансфер;

- азаматтарды қысқа мерзімде шығару.

Кепілдік беру жүйесін жасаудың себептері, соңғы жылдары Қазақстанның туристік нарығында туроператорлардың туристтер алдындағы міндеттемелерін орындамау жағдайлары жиілене түсті:

2012 жыл– «On Travel» туроператоры - Грециядағы 450 турист;

2013 жыл– «Qualitumtur» туроператоры - Түркиядағы 620 турист;

2014 жыл– «Гульнар Тур» туроператоры - Түркиядағы 4 250 турист;

2015 жыл– «Travel System» туроператоры - Түркиядағы 7 400 турист.

Бұл жағдайларда, әдетте, туристтерді қайтару мемлекеттік бюджеттің есебінен, сондай-ақ туристтердің өздерінің есебінен жүргізілді, бұл жалпы туристік нарықтың беделін түсірді.

Туркод – туроператор өз міндеттемелерін орындай алмаса немесе орындамаса оралуды қамтамасыз ету мақсатымен әрбір туристке туроператор-кепілдік беру жүйесінің қатысушысымен берілетін бірегей нөмір. Туристік өнімді өткізу кезінде туроператор алатын қаражат есебінен турлардың электрондық тізілімі автоматты режимде Туркодты береді.

Жүйенің транспаренттілігі:

- туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган келіскен жағдайда Жүйенің әкімшісінің Шұғыл кеңесінде Туристтерді шығару бойынша іс-шараларды жүзеге асыру туралы шешім қабылдау;

- Жүйенің әкімшісінің сайтында онлайн режимде жұмыс істейтін берілген ТУРКОДТАРДЫҢ есептегішін енгізу;

- Жүйенің қатысушыларының жыл сайынғы конференцияларын өткізу.

Жүйенің әкімшісінің қызметін ұйымдастыру.

Турлардың электрондық тізілімі жасалды.

Төраға - жұмысты ұйымдастыру, жалпы бақылау, өкілдік ету.

Директор - банктік кепілдіктері бар Туроператорлар жүйесіне қатысу туралы шарттарға қол қою, интернет-портал мен электрондық турлар тізілімінің жұмысын жасау және ұйымдастыру, жұмыстың ішкі регламентін бекіту.

Заңгер (шарт бойынша) - Жүйеге қатысу туралы өтініштер қабылдау және өңдеу, туристтерден хабарламалар қабылдауды ұйымдастыру, нарықтың мүшелері мен қатысушыларына кеңес беру.

Бухгалтер - Арнайы есепті жүргізу, төлемдерді ұйымдастыру және бақылау, қаржылық аналитика және т.б.

Менеджер (2 бірл.) - ағымдағы жұмыс, мониторингтеу, бақылау, таратылымдар, ақпараттық жұмыс, маркетинг, ынтымақтастық және т.б.

Қызмет етудің бірінші жылы:

1. Туроператорлар мен турагенттіктерді мониторингтеу жүргізілді:

Қазақстан Республикасының берілген туроператорлық лицензияларының барлығы 1539 құрайды. Телефон арқылы қоңырау шалып шығу, интернетте, сондай-ақ салық төлеушілер жүйесінде байланыс деректерін іздеу құралдарымен туроператорлардың тізіліміне мониторинг жүргізілді. Аталған тізілімнен 63 компания жүйеде тіркелген, 1036 жұмыс істемейтін компаниялар, 503 жұмыс істейтін компаниялар, 256 заңға сәйкес емес жұмыс істейді. 79 компания Жүйеге енуден бас тартуда.

Барлығы Қазақстандағы туристік агенттіктер саны - 2842. Олардың ішінде жұмыс істейтіндер - 2596.

2. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы:

• Кеңестер мен дөңгелек үстелдер өткізу (42)

• БАҚ-да және радиодағы ақпарат (200 жарияланымнан астам)

• Ақпаратты әуе компаниялары (28) мен шетелдік серіктестерге (24) жеткізу

• Жарнамалық-ақпараттық материалдарды тарату

• Дипломаттық өкілдіктер (45) мен халықаралық серіктестерді Қазақстанның туристік нарығындағы жұмыстың ережелері туралы хабардар ету

• Халықаралық туристік ұйымдармен ынтымақтастық

• Отандық туристік қауымдастықтар мен бірлестіктерді хабардар ету

• Басқа қалалар мен өңірлерге іссапарлар

• Қазақстанның туристік компанияларын (1500 астам) хабардар ету

• Ақпаратты елдің әуежайларына (5) орналастыру

3. Жүгінулер, сұраулар:

Есепті кезең үшін келіп түскені және қаралғаны:

- туристік компаниялардан - 54 сауал;

- туристтерден - 138 жүгіну;

- басқа ұйымдардан - 72.

Қаражаттың түсімдері, шығындар:

2016 жылғы 07 қарашадан 2017 жылғы 07 қарашаға дейінгі кезең үшін 284 864 301 теңге келіп түсті, осылайша 234 180 турист Кепілдік беру жүйесінің қорғауында болды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 27-2 бабы 4 тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 636 Қаулысына сәйкес, Жүйенің әкімшісінің қызметіне келіп түскен қаражаттың 10% ұсталып қалады, бұл жылына 28 486 430 теңге, айына 2 848 643 теңгені құрайды. Іс жүзінде 21 342 862 теңге жұмсалды.

Шығындардың баптары:

• Ақпараттық-түсіндіру жұмысы 7 030 499 теңге

• Жалақы 5 218 827 теңге

• Салықтар 2 548 204 теңге

• Жалдау 2 475 928 теңге

• Байланыс, интернет, пошта 393 759 теңге

• Турлардың электрондық тізіліміне қызмет көрсету 953 240 теңге

• Іссапар шығындары 955 086 теңге

• Әкімшілік шығындар 905 319 теңге

• Негізгі қаражат 862 000 теңге

Кепілдік беру жүйесін жетілдіру бойынша заңнамаға ұсыныстар:

• Аударылған қаражатты келесі есептік жылға есептеу арқылы қатысушылардың аударымдар лимитін енгізі

• Жүйенің әрекетінен іскерлік туризмді алып тастау

• Лицензиялаудан бас тарту - Тізілімдер енгізу

• «Турист» жаңа ұғымын енгізу

• Туристті «ұйымдастырылған» және «дербес» деп жіктеу

• Заңнамаға «ТУРКОД» ұғымын енгізу

• «MICE – туризм» ұғымын енгізу

• «Медициналық туризм» ұғымын енгізу

(Туроператорлар мен туроператор-әуе кемесімен жалданушыларға арналған кепілдікті
міндеттеме нысанының үлгісі)

Банктік кепілдік

Банктің атауы: _______________________________________________________________ (банктің атауы және деректемелері)

Кімге: «Туристiк Қамқор» Корпоративтік Қоры, мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 14 үй, «Маrden» БО, 312/1 кеңсе. БСН 160440005086, ЖСК 46998ВТВ0000344287 Банк «ЦеснаБанк» АҚ Астаналық филиалы, БСК TSESKZKA, e-mail: fondkamkor@gmail.com

(Бенефициардың атауы және деректемелері)

Кепілдікті міндеттеменің №___

__________________
(орналасқан жері)
«____»___________ _____ ж
.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстандағы туристік қызмет туралы» Заңының 27-3 бабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 607 Қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын назарға ала отырып, туроператорлар және туроператор-әуе кемесімен жалданушылар тарапынан Қаулымен бекітілген шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператор-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдікті қамтамасыз етуге жататын ақша сомасына банктік кепілдікті шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі - «Туристік қамқор» корпоративтік қорына ұсыну міндеті көзделген. Осы арқылы, біз «…….» АҚ кепілгер болып табылатынымызды және Бенефициардан жазбаша талапты, сондай-ақ _____________________ (туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы атауы және деректемелері) туристтер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болу елінен (жерінен) Қазақстан Республикасының аумағына немесе туристік қызмет көрсетуге арналған шартта белгіленген келу орнына шығару, қайтару бойынша міндеттемелерін орындамағанын немесе тиісінше орындамағанын жазбаша түрде растауды алған соң, 5000,00/15 000,00 АЕК (қажеттісін таңдау керек) құрайтын __________________________________________________________________ (сомасы цифрлармен және жазбаша түрде теңгеде) соманы Бенефициарға төлеудің қайтарып алынбайтын міндеттесін өзімізге жүктейтінімізді растаймыз. Түпнұсқалығын орнату мақсатында, Бенефициардың төлеуге арналған талабына Бенефициардың уәкілетті өкілі қол қоюы тиіс. Осы кепілдікті міндеттеме оған қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және ____________ (кепілдіктің әрекет ету мерзімі аяқталатын күні) дейін әрекет етеді. Бұл мерзім аяқталған соң осы кепілдіктің әрекеті тоқтайды. Осы кепілдікті міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

_____________________________
Банктің (Банктің филиалының) бірінші басшысы
__________________________

______________________________
Бас бухгалтер
_____________________________

       

Мекенжайы: ҚР, Нур-Султан қ., Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік к-сі, 14 үй, "Marden" БО, 807 кеңсе (карта проезда)
e-mail: fondkamkor@mail.ru
+7 (717) 227-91-12
«Туристік Қамқор» жүйесінің әкімшісі